Әлем • 08 Тамыз, 2022

Қытайда «Ланъя» вирусы пайда болды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда «Ланъя» атты жаңа вирус пайда болды. Ғалымдар вирус жануарлардан тарады деп санайды. Қазіргі уақытта оны 35 адам жұқтырды.  Инфекция Қытайдың Шаньдун және Хэнань провинцияларында анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайда «Ланъя» вирусы пайда болды

Ауру белгілеріне қызба, шаршағыштық, жөтел, анорексия, миалгия, құсу жатады. Ғалымдар жаңа дерт «Нипах» вирусына ұқсас екенін айтады. «Нипах» вирусы - әлемдегі ең қауіпті вирус, оның емі жоқ. 

Жануарлар әлемінде «Ланъя» көбінесе шіркейлерде анықталған. Вирустың антиденелері ешкілер мен иттерде де табылған.

«Біз қырағы болуымыз керек, бірақ үрейленбеуіміз қажет», деді Сингапур ұлттық университетінің профессоры Ван Линф.